Үкіметтің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы, басым заңдардың жобаларын, сондай-ақ Президенттің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заңдардың жобаларын дайындау, заңдар жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы ақпарат (2023 ж. тамыз айы бойынша)

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 582 Жарлығымен бекітілген Заң шығару жұмысының 2021-2026 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспары (Қазақстан Республикасы Парламентінің жетінші шақырылымы) және ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1092 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспарында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне бекітілген заң жобалары көзделмеген.

Сонымен қатар, Министрлік Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі. 

2023 жылғы 3 ақпанда Заң жобаның реттеушілік саясатының консультативтік құжаты «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында келесі сілтеме бойынша https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14399666 орналастырылды, 2023 жылғы 24 ақпанда жария талқылау аяқталды.

Жоғарыда аталған Заң жобаның реттеушілік саясатының консультативтік құжаты Заң шығару жұмысы жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысында қарастырылып, қабылданды (2023 жылғы 12 маусымдағы № 625 Хаттама).

2023 жылғы 29 маусымда аталған Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

Қазіргі таңда заң жобасы ҚР мемлекеттік органдарымен келісіліп, ҚР Үкіметі Аппаратының қарауына енгізу кезеңінде.

Дата публикации
18 августа 2023