Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сан-Марино Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қою туралы» ҚР Премьер-Министрі өкімінің жобасын әзірлеу жөніндегі жұмысты бастады. Көрсетілген өкім жобасы «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14661264 сілтемемен орналастырылған.