Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім

Бұдан әрі «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қытай Халық Республикасының Үкіметі,

екі мемлекеттің мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік қатынастарын одан әрі нығайтуға жәрдемдесуге ниет білдіре отырып,

өз мемлекеттері азаматтарының өз мемлекеттерінің аумағына өзара сапарларын жеңілдету мақсатында,

тең құқылық және өзара тиімділік қағидаттарына сәйкес өзара визасыз режим туралы мәселе бойынша достық консультациялар жолымен, төмендегілер туралы уағдаласты:

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім
Дата публикации
12 июня 2023