БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 31.»;
14-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қолданыстағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша инвесторларды немесе олардың өкілдерін қабылдау және оларға консультация беру бойынша үйлестіруді жүзеге асыру;»;
3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларды сүйемелдеу жөніндегі қызметті үйлестіру мен мониторингті жүзеге асыру;»;
8) тармақша алып тасталсын.
1) осы бұйрықты ресми жариялауды, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.