Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ливан Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ливан Республикасының Үкіметі,

Қазақстан Республикасы мен Ливан Республикасының дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорттары иелерінің келуін/кетуін және жүріп-тұруын жеңілдету арқылы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға ниет білдіре отырып,

өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес,

төмендегілер туралы келісті:

 

1-бап

Паспорттардың түрлері

 

Осы Келісімнің ережелері паспорттардың мынадай түрлеріне қолданылады:

Қазақстан Республикасының азаматтарына:

- дипломатиялық паспорт;

- қызметтік паспорт;

Ливан Республикасының азаматтарына:

- дипломатиялық паспорт;

- қызметтік паспорт;

- арнайы паспорт.

 

2-бап

Визалардан босату

 

Бір Тарап мемлекетінің азаматтары – жарамды дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына алғашқы «кірген» күннен бастап күнтізбелік 180 (бір жүз сексен) күн әр кезең ішінде күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейінгі мерзімге бірнеше рет келуге/кетуге, транзитпен өтуге және визасыз болуға құқылы.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ливан Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім
Дата публикации
01 июня 2023