«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Белиз Үкіметі арасындағы дипломатиялық, қызметтік және ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2-тармағына және 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Келісімге 2022 ж. 14 желтоқсанда Нью-Йорк қаласында Қазақстан Республикасы мен Белиздің Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдіктерінің басшылары қол қойды. («Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Белиз Үкіметі арасындағы дипломатиялық, қызметтік және ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 982 қаулысы).
Осы қаулының жобасына қол қою Қазақстан Республикасы мен Белиз арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуға әрі дипломатиялық, қызметтік және ресми паспорттардың иелері үшін жеңілдетілген визасыз тәртіп орнатуға мүмкіндік береді.