Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленді.
Сыртқы істер министрлігі Заң жобасының реттеушілік саясатына консультативтік құжаты және оған қоса берілетін материалдарды «Ашық НҚА» порталында 2023 жылғы 3 ақпанда жарияланғандығын хабарлайды. Жоба келесі сілтеме арқылы қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/ view?id=14399666.
Осыған байланысты, Министрлік заң жобасын талқылауға шақырады.