Осы Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің (бұдан әрі – дипломатиялық қызмет қызметкерлері) өкілдік керек-жарағының заттарын, сондай-ақ республикалық бюджеттен дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағының заттары құнының өтемақысын төлеу шарттарын айқындайды.
Ереже Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің (бұдан әрі – шет елдердегі мекемелер) қызметкерлеріне қолданылады.