1-тарау. Жалпы ережелер
Ереже Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің (бұдан әрі – шет елдердегі мекемелер) қызметкерлеріне қолданылады.
1) өкілдік керек-жарақ — дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде киіп жүруі үшін арналған киімінің заты;
2) өтемақы – «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1170 қаулысы белгілеген өкiлдiк керек-жарағы құнының мөлшерiнде жыл сайынғы ақшалай өтемақы.