Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысын дайындау мен өткізу бойынша протоколдық-ұйымдастырушылық шаралар

2023 жылға арналған республикалық бюджетте 006 «Өкілдік шығындар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен:

1) Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (бұдан әрі – ЕҮАК) шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстарының, тыңдау және штаб бөлмелерінің, баспасөз конференцияларының конференц-жүйесін дыбыс пен жарық жабдығын орнату;

2) ЕҮАК шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстары өткізілетін орындарды, ЕҮАК шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстары (монтаж/демонтаж жұмыстары) өтетін залдарды, тыңдау және штаб бөлмелерін  тиісті тақырыптық безендіруді;

3) баспасөз орталығын техникалық жарақтандыруды (іс-шараларды тікелей телетрансляциялау, оның ішінде баспасөз орталығына теле- және аудиосигнал беруді, компьютерлерді, принтерлерді, көп функционалды құрылғыларды, халықаралық байланысқа, жоғары жылдамдықты сымды және сымсыз интернетке қосылған телефон және факс аппараттарын, мониторларды, сондай-ақ дыбыс жабдығын және бейне, аудиосплиттерді орнату);

4) ЕҮАК отырысына қатысушылар, бірге жүретін адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспа және басқа да өнімдерді (бейдждер, автомобильдерге арналған арнайы кіру рұқсатнамалары) жасауды;

5) ЕҮАК отырысын өткізу кезеңінде қатысушылар және бірге жүретін адамдар үшін тамақтандыру мен кофе-брейктерді қамтамасыз ету.

Дата публикации
29 декабря 2022