Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Перу Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы азаматтарының қысқа мерзімді визасыз сапарлары туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қою бойынша жұмысты жүргізуде. Көрсетілген қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында сілтемемен орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14186110 және 2022 жылдың 27 тамызға дейін талқылауға ашық болады.