Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Венесуэла Боливариан Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қою бойынша жұмысты жүргізуде. Көрсетілген қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында сілтемемен орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14151591 және 2022 жылдың 28 шілдесіне дейін талқылауға ашық болады.