Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жыл толуына орайластырылған бірлескен коммюнике

2022 жылғы 27 сәуірде Қазақстан және Оман екі мемлекет арасында орнаған дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтеді.

Өткен отыз жылда Қазақстан-Оман қатынастары егемендік пен аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу, бір-бірінің ішкі істеріне қол сұқпаушылық қағидаттары негізінде табысты дамыды.

Екі достас ел көптеген саяси салада, оның ішінде өңірлік және халықаралық мәселелердегі ынтымақтастықтың жемісті өрбуінің негізін қалап, өзара тиімді инвестициялық, сауда-саттық, білім беру, мәдени және туризм саласындағы әріптестікті нығайтты.

Өзара сапарлар, екіжақты саяси консультациялар, парламентаралық топтардың кездесулері екі достас халық арасындағы байланыстарды дамыту мен нығайтуға ықпал етіп, екіжақты қатынастардың артуы мен өркенденуіне серпін берді. Іс-қимылдарымызды үйлестірудің арқасында халықаралық ұйымдар шеңберінде кандидатураларымызды өзара қолдауға ықпал етті.

Қазақстан және Оман барлық салаларда ынтымақтастықты ілгерлетуге деген жігерлігін растайды.

Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жыл толуына орайластырылған бірлескен коммюнике
Дата публикации
27 апреля 2022