Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің БҰҰ Қарусыздану жөніндегі комиссиясы сессиясының қорытындысы бойынша мәлімдемесі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2022 жылғы 4-21 сәуірде Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ Қарусыздану жөніндегі комиссиясының үш жылдық үзілістен кейін жаңартылған сессиясының нәтижелерін құптайды. БҰҰ мүше мемлекеттері ядролық қарусыздану және таратпау мәселелерін ілгерілету, транспаренттілікті және ғарыш кеңістігінде қару-жарақ жарысының алдын алу мақсатында сенімді нығайту шараларын іс жүзінде іске асыру бойынша бейілділігін танытты.

Қазақстан делегациясы Комиссияның қорытынды құжатына ядролық қарудың жаңа түрлерін әзірлеу қаупін азайту, қолда бар ядролық арсеналдарды жаңғырту мүмкіндігін шектеу, ядролық сынақтардың құрбандарын қолдаудың маңыздылығы туралы ережені енгізуге бастамашылық жасады.

Қазақстан ғарыш кеңістігін тек бейбіт мақсатта пайдалануды және ғарыштағы жауапты мінез-құлық нормаларын әзірлеуді дәйекті түрде қолдайды.

Анықтама: БҰҰ Қарусыздану жөніндегі комиссиясы 1978 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарусыздану бойынша бірінші арнайы сессиясында құрылды. Комиссия БҰҰ БА бағынысты кеңесші орган болып табылады және оның функциясына қарусыздану саласындағы түрлі проблемалар бойынша ұсынымдарды қарау және шығару кіреді.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің БҰҰ Қарусыздану жөніндегі комиссиясы сессиясының қорытындысы бойынша мәлімдемесі
Дата публикации
22 апреля 2022