«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Колумбия Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

 

 «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

Колумбия Республикасының Үкіметі арасындағы

дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттардың иелерін

визалық талаптардан босату туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

  1. Жобаны  әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.

  1. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 15-бабы 2)тармақшасына сәйкес.

  1. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жобаны қабылдаумемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдарлар

Жобаныңқабылдауы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкепсоқтырмайды.

  1. Нақты мақсаттар және күтілетін нәтижелердің мерзімдері

Қазақстан Республикасы мен Колумбия  Республикасы арасында тығыз ынтымақтастықты дамытуға және дипломатиялық ресми және қызметтік паспорттардың иелері үшін жеңілдетілген визасыз тәртіп орнатуға мүмкіндік беру.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Колумбия Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қарашадағы № 849 қаулысы.

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Талап етілмейді.

  1. Ұсынылған халықаралық шарт жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Халықаралық шарт болып табылады, ратификациялау қажеттілігі жоқ.

  1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі

Рұқсат етіледі.

  1. Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Жоба Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің www.mfa.gov.kzинтернет-ресурсында (03.02.2020 ж. 644 КБ), сонымен қатар ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (09.01.2020 ж. 8,94 КБ) орналастырылды.

  1. Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады

Талап етілмейді.

  1. Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.

  1. Үкіметтің актісін қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есептер қорытындысы

Талап етілмейді.

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі

Талап етілмейді.

 

 

Қазақстан Республикасының

     Сыртқы істер министрі                                                         М. Тілеуберді

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Колумбия Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы
Дата публикации
01 апреля 2020