Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.К. Тоқаевқа
«Өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы (бұдан әрі - Жарлық жобасы) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес әзірленді.
Өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасының (бұдан әрі - Факультативтік хаттама) мақсаты өлім жазасын толық жою.
Жарлық жобасы қабылданған кезде оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды қажет етпейді.
Баяндалғанның негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі «Өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізіп отыр.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин