«Өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

А.Ұ.Маминге

 

 

«Өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

 

Әзірлеуші мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.

«Өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы № 54 Заңының 5-бабы                               2, 3-тармақтары және 8-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Қаулы жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қаржылай шығындарды талап етпейді.

Қаулы жобасын қабылдау қоғамдық-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеліп соқтырмайды.

Аталған Факультативтік хаттаманың мақсаты өлім жазасын толық жою болып табылады.

Қаулы жобасы егер ол қабылданған жағдайда енгізілген жобаны заңнамаға сәйкес келтіруді талап етпейді.

Факультативтік хаттама Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңының 11-бабының 1), 2) және 7) тармақшаларына сәйкес ратификациялауға жатады.

Қаулы жобасын және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігіне рұқсат етіледі.

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің http://www.mfa.gov.kz ресми интернет-ресурсында (2020 жылғы 15 қаңтарда, көлемі 64,4 КБ) орналастырылған.

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешіміне қайшы келмейді.

 

 

Қазақстан Республикасының

     Сыртқы істер министрі                                                 М. Тілеуберді

«Өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
Дата публикации
11 февраля 2020