Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
ҚР ІІМ-де шақыруларды ресімдеу тәртібі

♦ ҚР-ға жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдеу, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың (жеке жіне заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер) шақыруларын қабылдау және келісу ҚР ішкі істер органдарының құзыретіне жатады («Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы).

♦ Шетелдіктерге шақыру ресімдеу мақсатында шақырушы тарап құжаттарды алдын-ала (ҚР визасын алушылардың ҚР-ға болжамды келу күнінен екі аптадан кешіктірілмей) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінінің аумақтық бөлімшелеріне тапсырады

♦ («Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидалары» (бұдан әрі – Қағидалар)).

♦ 5 жұмыс күні (жүгінген күннен бастап).

♦ жеке басты куәландыратын құжат;

♦ өтініш-сауалнама;

♦ мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжаты.

♦ Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес екі данада толтырылған кесте (қағаз нұсқада және электронды құрылғыда);

♦ мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжаты.

♦ заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;

♦ заңды тұлға жарғысының немесе патенттің көшірмесі;

♦ заңды тұлғаның өз өкілін құжаттарды тапсыру үшін тағайындау туралы бұйрығы немесе сенімхаты;

♦ директорлар кеңесінің мүшесін шақыруға қолдаухат өткізуші қабылдаушы тарап – директорлар кеңесінің мүшесі болып сайлану туралы жалпы акционерлер жиналысы хаттамасының көшірмесі;

♦ шетелдік туристерді шақыруға қолдаухат өткізуші қабылдаушы
тарап – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары берген туроператорлық қызмет лицензиясы немесе туристік агенттердің Мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмесі;

♦ виза алушыны білім алу мақсатында шақыруға қолдаухат өткізуші қабылдаушы тарап – Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген білім саласындағы қызметі туралы лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы;

♦ виза алушыны емделуге, медициналық тексеруге немесе консультациялар үшін шақыруға қолдаухат өткізуші қабылдаушы
тарап – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының медициналық қызметке берген лицензиясы.

♦ Қағидаларда қарастырылған жағдайларда, қосымша құжаттар талап етілуі мүмкін.

♦ 5 жұмыс күні өткеннен кейін, шақырушы тарапқа шақыру нөмірі хабарланады. ҚР ІІМ бөлімшелерінде тіркелген нөмір, шақыру күні шақырушы тараппен шетел азаматына беріледі (түпнұсқа немесе шақырудың сканерден өткізілген көшірмесі).

♦ Келісілген нөмірді алғаннан кейін, шетел азаматына ҚР визасн алу үшін ҚР-дың шет елдердегі консулдық мекемелеріне жүгіну керек.

♦ Визаны беру орны виза алушының азаматтығына тиесілі елге және (немесе) тұрғылықты жеріне қатысты консулдық округке сәйкес анықталады.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы