Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін
ҚХР жүргізуші визаларын алу алгоритмі
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қ. Өкілдігіне (бұдан әрі - Өкілдік) жүктерді халықаралық көлік тасымалдауды жүзеге асыратын компаниялардың тізімін жолдайды.
Заңды немесе жеке тұлғалардың өкілдері жылына бір рет Өкілдікке халықаралық көлік тасымалдарын жүзеге асыратын ҚР азаматтары үшін ҚХР визаларын ресімдеуге келесі құрылтай құжаттарын ұсынады:
№
ЖШС үшін
Жеке кәсіпкер үшін
1.
Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік (eGov электрондық анықтамасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі)
ЖК ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама (eGov бар электрондық анықтама)
2.
ЖШС жарғысы
(нотариалды куәландырылған көшірме)
ЖК талоны
(eGov электрондық анықтама немесе нотариалды куәландырылған көшірме)
3.
Жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсатты куәландыру (нотариалды куәландырылған көшірмесі)
Жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсатты куәландыру (нотариалды куәландырылған көшірмесі)
4.
Салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама
(eGov электрондық анықтамасы немесе түпнұсқасы)
Салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама
(eGov электрондық анықтамасы немесе түпнұсқасы)
5.
Компания өкіліне сенімхат (түпнұсқа)
Компания өкіліне сенімхат (түпнұсқа)
6.
Компания өкілінің жеке куәлігі (көшірмесі)
Компания өкілінің жеке куәлігі (көшірмесі)
ҚХР Бас консулдығы апта сайын жүргізуші визаларын рәсімдеу үшін 550 паспорт қабылдайды (бір компаниядан шамамен 8-9 паспорт).
Құжаттарды қабылдағаннан кейін, ҚХР Бас консулдығы жүргізушілерді саусақ іздерін тапсыруға шақырады.
ҚХР Бас консулдығында «С» санатындағы көп мәртелік, бір жылдық жүргізуші визалары 3 жұмыс күні ішінде ресімделеді.
Жүргізуші визасын ресімдеу үшін құжаттар топтамасын қабылдау ҚР СІМ-нің Алматы қ. Өкілдігінде Әйтеке би 65 мекенжайы, консулдық бөлім, №1 терезе бойынша жүзеге асырылады.
Халықаралық тәжірибеге сәйкес виза беру кезінде шет мемлекеттердің консулдық мекемелері өздерінің ішкі заңнамаларын басшылыққа алатынын ескеру қажет. Виза беру немесе бас тарту мәселесі шетелдік консулдық мекеменің айрықша құзыреті болып табылады. Виза беруден бас тартқан консулдық мекеме өтініш берушіге бас тарту себебін айтпау құқығын өзіне қалдырады.