Мемлекеттік органның ашықтығы
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және мемлекеттік органдардың бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыру мақсатында ҚР Сыртқы істер министрлігі халықты мемлекеттік органның қызметі туралы хабардар ету жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізеді. Мәселен, апта сайын СІМ ғимаратында Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А.С. Смадияровтың брифингтері өткізіледі.
Сонымен қатар, Министрліктің басшылары ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференцияларында сөз сөйлейді. 2023 жылға 6 баспасөз конференциясы жоспарланған, оның ішінде бір брифинг өткізілді, осылайша ү.ж. 9 наурызында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстан – Еуропа ынтымақтастығының перспективалары туралы айта өтті.
Бұдан басқа, ҚР негізгі мемлекеттік органдарының басшылары Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус пен ҚР-ның шетелдегі елшілеріне Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері бойынша ай сайынғы негізде брифингтер өткізеді.
Министрліктің басшылығы шетелдік делегациялармен жоғары деңгейде кездесетіні белгілі. Шет елдердің жоғары лауазымды мемлекет қайраткерлерінің сапарлары барысында контрәріптестердің келісімі бойынша журналистерге қарай баспасөзге шығу жүзеге асырылады. Журналистердің отырыс барысында қызықтырған сұрақтарын қоюға және протоколдық суретке түсуге мүмкіндігі бар.
Ақпараттық порталдар арқылы ашықтық
Министрлік мемлекеттік органның қолжетімді деректерін «Ашық деректер» порталына орналастыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді, осылайша бұл қоғамға ақпарат иелерінен сенімді ашық деректерді ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік береді.
«Ашық деректер» порталында Министрлік бекітілген ашық деректер тізбесіне сәйкес мынадай бөлімдерді:
Сондай-ақ, Министрлік «Е-otinish» жүйесінде өтініштерге жауаптарды қарау және ұсыну бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. «Е-otinish»-ке ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралатын өтініштер, шағымдар мен БАҚ сауалдары түседі.
Әлеуметтік желілер
«Facebook», «Instagram», «Twitter», «Telegram», «YouTube» әлеуметтік желілерінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің аккаунттары бар және контентті толтыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Азаматтар «Facebook» немесе «Instagram» - да пікірді немесе жеке хабарлама жаза алады. Бұл шетелде төтенше жағдайға тап болған Қазақстан азаматтарына жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Кезекші дипломаттың телефоны
Қазіргі кезде Министрлікте бірыңғай байланыс орталығы жоқ, алайда қоңыраулар тәулік бойы қабылданады. Азаматтар жұмыс уақытында ресми сайтта (кеңсе, баспасөз қызметі, қабылдау бөлмелері және т.б.) көрсетілген телефондарға, жұмыстан тыс уақытта ағымдағы күннің сағат 18:30-дан келесі күні сағат 09:00-ге дейін, сондай-ақ демалыс және мереке күндері тәулік бойы +7 (7172) 72-01-11 телефон нөмірі бойынша кезекші дипломатқа қоңырау шала алады. Кезекші дипломат Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен төтенше сипаттағы оқиғалар туралы ақпарат алған жағдайда Министрліктің Ахуалдық орталығын және ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментін дереу хабардар етеді.