Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
a.zebeshev@mfa.kz
Аккаунты соц. сетей:
Зебешев Ардақ Темірханұлы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Общая информация, образование

1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2003 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, 2006 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

2014 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша King’s College London университетінде «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін, сондай-ақ Ұлыбританиядағы Warwick Business School-да «Бизнес-әкімшілендіру» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Карьера

Еңбек жолын 2003 жылы Шымкент қаласы әкімінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыру-кадрлық және талдау жұмысы басқармасының бас маманы лауазымынан бастаған.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде жұмыс істеген.

2016–2018 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы хатшылығының басшысы қызметін атқарған.

2018–2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының, Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі болған.

2019 жылғы сәуірден 2020 жылғы наурызға дейін ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және іске асыру басқармасының басшысы қызметін атқарған.

2020 жылғы наурыздан 2021 жылғы қыркүйекке дейін ҚР СІМ Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2021 жылғы қыркүйектен 2024 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

2024 жылғы ақпаннан 2026 жылғы маусымға дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін 2026 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы