Ү.ж. 11 қыркүйекте Сараево қаласында «Бүркіт» Қазақстан-Босния іскерлік ынтымақтастық қауымдастығы активінің қатысуымен Президент Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған бейнеконференция форматында дөңгелек үстел өтті.
ҚР Елшісі Төлежан Барлыбаев Жолдаудың мемлекеттік басқару, экономикалық және әлеуметтік даму салаларындағы негізгі міндеттері туралы хабардар етті. Қазақстанның жаңа экономикалық бағыты өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейді және шетелдік әріптестермен өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндігін қамтамасыз етеді деп өтілді. Жолдаудың негізгі басымдықтары әлеуметтік әл-ауқат, адами капиталды дамыту және халықтың ең осал топтарын қолдау болып табылатыны атап өтілді.
Іскерлік ынтымақтастық қауымдастығының төрағасы, БжГ-дағы ҚР Құрметті консулы Амель Диздаревич және актив мүшелері Қазақстан Президентінің экономиканы дамыту және бизнесті мемлекеттік қолдау жөніндегі бастамаларын жоғары бағалады. ҚР басшылығының салық ауыртпалығын жеңілдету және шағын және орта бизнесті несиелеуді жақсарту жөніндегі шаралары ерекше қызығушылық тудырды. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша әзірленіп жатқан ҚР Ұлттық жобасы шеңберінде ынтымақтастықтың кең перспективалары атап өтілді.
Босниялық іскер топтардың өкілдері Қазақстанмен ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ өндірістік инфрақұрылым салаларында ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді. Өткен жылы Іскерлік ынтымақтастық қауымдастығының делегациясы Нұр-Сұлтанға екі рет барып келіп, «Астана» халықаралық қаржы орталығымен келісім жасап, Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы АХҚО-ның алғашқы серіктесі боп атанғаны атап өтілді. Бизнесмендер екі елдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін тікелей байланыстардың қайта жанданатынына сенім білдірді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс- қимыл кезеңі» Жолдауын іске асыру ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ХХІ ғасырдағы Қазақстанның стратегиялық даму бағытының арнасындағы қазіргі заманның сын-қатерлеріне барабар жауап болып табылады деген пікірге келді.
Хорватиядағы ҚР Елшілігінің баспасөз орталығы