
Ү.ж. 10 қыркүйекте ҚР елшісі Төлежан Барлыбаев Хорватияның Меджимур жупаниясында фашизмді Жеңудің 75-жылдығына орай
іс-шараларға қатысты. Еске алу акциясына Ресей елшісі Анвар Азимов, Чаковец қаласының мэрі Степан Ковач және Штригово ауылының басшысы Станислав Реберник, Ішкі істер министрлігі, Хорватияның еске алу қауымдастығы және басқа да қоғамдық ұйымдардың басшылығы, ардагерлер мен оқушылар қатысты.
Қазақстандық дипломат Чаковец қаласының қалалық зиратында кеңес жауынгерлерінің бауырлас бейітінде қаза болған жауынгерлер мен фашизм құрбандарына арналған Монументке гүл шоқтарын қойды, онда Югославияны фашистік басқыншылардан азат ету үшін шайқастарда қаза тапқан Қазақстандықтар жерленген. Рәсімге қатысушылар қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
ҚР елшісі Штригово ауылындағы Бейбітшілік және достық саябағының негізін салу рәсіміне қатысты. Ол жерде кеңес жауынгерлерін еске алу Мемориалы салынады. Монументтің негізіне қатысушылар Ресей мен Қазақстан елшілері, жергілікті муниципалитет және Еске алу қауымдастығы басшылары қол қойған болашақ ұрпаққа арналған Жолдауымен капсула салды. Мемориалдың ресми ашылуы 2021 жылдың сәуір айына жоспарланған.
Рәсім барысында сөз сөйлеген Т.Барлыбаев Қазақстанның фашизмді Жеңуге қосқан үлесі туралы айтып берді. Югославияны азат еткені үшін шайқастарда қазақстандық жауынгерлердің ерліктері атап өтілді, олардың көпшілігі ұрыс далаларында құлады. Хорватияның Еске алу қауымдастығының басшылығымен хорватия аумағында жерленген Қазақстандықтардың мәйіттерін іздеу және жеке басын анықтау бойынша жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
1945 жылдың сәуірде Хорватияның солтүстігіндегі Меджимур жупания ауданында Қызыл Армияның Вена стратегиялық шабуылдау операциясы аясында 3-ші Украин фронтының фашистермен қиян-кескі шайқастары өтті.
Хорватиядағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі