
Загреб, 2024 жылғы 22-24 қыркүйек – Қазақстан мен Хорватия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауының 32 жылдығы қарсаңында Загребте Парламент депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері, ғылым, білім және мәдениет өкілдерінің қатысуымен Достық қоғамының жыл сайынғы отырысы өтті.
ҚР Елшісі Ақылбек Камалдинов мемлекетаралық қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті, бұған ведомствоаралық байланыстарды артуы, Қазақстан мен Хорватияның Іскерлік кеңесін құру, биыл экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның бірінші отырысын және бірлескен бизнес-форумды өткізуі дәлел болды.
Дипломат кездесуге қатысушыларды Президент Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаттарымен таныстырып, ҚР әлеуметтік әл-ауқаты мен тұрақты дамуына бағытталған реформаларды жүргізудің жүйелі тәсілін атап өтті.
ҚР экономикасын әртараптандырудың, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шаралар топтамасын оңтайландырудың, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі және өндірістік инфрақұрылымды дамытудың, цифрландырудың, көлік пен логистиканың жаңа міндеттерін ескере отырып, Хорватиямен өзара тиімді ынтымақтастықтың кең мүмкіндіктері атап өтілді.
«Хорватия-Қазақстан» Достық қоғамының мүшелері ҚР басшылығының әлеуметтік саладағы кешенді шараларын жоғары бағалады. Достық қоғамының төрағасы, Хорватия Саборының бұрынғы вице-спикері Давор Видович Қазақстан Президентінің әлеуметтік саланы, сондай-ақ билік пен қоғам диалогын дамыту бойынша жаңа бастамаларын құптады. Атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты референдум өткізу «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын және Әділетті Қазақстан идеясының жүзеге асырылып жатқанының тағы бір айқын дәлелі болып табылатыны ерекше атап өтілді. Жолдауда айтылған осы және басқа да міндеттер, оның пікірінше, елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады.
Отырыс аясында екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері, оның ішінде бірқатар бірлескен іс-шаралар, сондай-ақ Қазақстан мен Хорватияның экономикалық және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылы талқыланды.