
Загреб, 2024 жылғы 22-24 қыркүйек – «Максима музыкасы» камералық музыканың халықаралық фестивалі аясында, Қазақстан Елшілігінің қолдауымен, Загреб қаласында ЮНЕСКО-ның «Әлем әртісі» құрметті атағына ие болған әлемге әйгілі скрипкашы Айман Мұсақожаева және Еуропа елдерінде көптеген халықаралық конкурстар сыйлықтарының иегері, виолончельші-виртуоз Эльдар Сапараев өнер көрсетті. Фестивальді Хорватия тарапынан Загреб камералық оркестрі және оның жетекшісі Младен Денвенкар ұйымдастырды.
Қазақстандық музыканттар Бах, Бетховен, Мендельсон, Брамс және т.б. әлемдік классиктердің жауһарларын орындап, көрермендерге ұмытылмас кештер сыйлады.
Классикалық музыка білгірлері А. Мұсақожаеваның әсем өнерін және Э. Сапараевтың шабытты орындауын бағалап, қазақстандық өнердің байлығы мен жан-жақтылығын атап өтті.
Фестивальдің қонақтары Қазақстанның Хорватия Республикасындағы Елшісі Ақылбек Камалдинов, Қазақстан азаматтары, іскер, дипломатиялық, академиялық және шығармашылық топтардың өкілдері болды.