
Задар, 2024 жылғы 31 мамыр – Қазақстан жастардың футбол командалары Хорватиядағы «Dalmatinko Cup» халықаралық турниріне қатысуда. Жарыста әлемнің 22 елінен 220 команда бақ сынайды. Биыл Қазақстаннан «Оңтүстік» және «Ордабасы» командалары қатысып жатыр.
Қазақстанның Хорватиядағы Елшілігінің қолдауымен 2019 жылдан бастап біздің елдің жастар футбол командалары осы турнирге қатысып, допты игеру шеберлігін арттырып, жаттықтырушылар халықаралық мамандармен өз білімдері мен тәжірибелерімен алмасады.
Турнирді ұйымдастырушылардың бірі - бұрынғы Хорват футболшысы және Қазақстан Елшілігінің штаттан тыс кеңесшісі Ивица Пирич болып табылады. Ол өзінің әріптестерімен бірге қазақстандық балалардың кәсіби ұйымдастырылған жарыстарда өз құрдастарымен футбол ойнауы, қызықты уақыт өткізуі, сондай-ақ жаңа әсерлер мен эмоциялар алуы үшін барлық қажетті жағдайларды жасады. И. Пирич әлемдік футболдың аңызға айналған ойыншысы Лука Модричпен бейне қоңырау ұйымдастырды, хорват футболшысы «Алға Шымкент» деген сөздермен қазақстандық балаларға турнирде сәттілік тіледі.
Турнирдің ашылуына қатысқан Қазақстан Елшісі Ақылбек Камалдинов балаларға жеңіс тілеп, ұйымдастырушыларға балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту және Қазақстандық жас футболшылардың Хорватияға сапарын ұйымдастыруға көңіл бөлгені үшін шын жүректен ризашылығын білдірді. Осындай турнирлерге қатысу қазақстандық жас футболшыларға тәжірибе жинауға, отандық футболдың деңгейі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Турнирге қатысумен қатар, Қазақстаннан келген футбол клубтарының балалары үшін Хорватиядағы Далмация жағалауында қызықты экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылды.
Анықтама: «Dalmatinko Cup» турнирі - 2016 жалдан бері жыл сайынғы балалар турнирі болып табылады. 2019 жылдан бастап осындай көлемдегі халықаралық жарысқа алғаш рет «Каспий» жасөспірімдер командасы жіберілді. Келесі «Dalmatinko Cup» турнирлерде қазақстандық қатысушы командалардың саны арта бастады. 2023 жылы Қазақстаннан турнирге «Тұран-2013», «Ақтөбе-2013», «Астана-2012», «Ақжайық-2012» және «Оқжетпес-2012» сияқты бес команда қатысып, қазақстандықтар алғаш рет күміс медаль жеңіп алды. 2022 жылы Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов «Dalmatinko Cup» турниріне қатысқан болатын.
ҚР Хорватиядағы Елшілігі