
Ү.ж. 6 шілдеде Хорватиядағы ҚР Елшілігінде тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына, Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы рөліне арналған бейнеконференция өтті. Іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері, Қазақстан достары клубы мен Достық қоғамының мүшелері, сонымен қатар Сараеводағы «Беркут» Босниялық достық және іскерлік ынтымақтастық қауымдастығының мүшелері қатысты.
Елші Төлежан Барлыбаев ел басшылығының сындарлы стратегиялық бағыты Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік салалардағы табысты жетістіктерін, жоғары халықаралық беделін және Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі, Астана процесі және басқа да форматтар шеңберіндегі жаһандық проблемаларды шешуге қосқан үлесін қамтамасыз еткенін атап өтті.
Нұрсултан Назарбаевтың ел дамуындағы тарихи рөлін ерекше баса айтып, бейнеконференцияның қатысушылары қазақстандықтардың КСРО-ның құлдырауындағы ауыр дағдарыстарды, азиялық және жаһандық қаржылық дағдарыстарды сәтті еңсергенін, жаңа астана - Нұр-Султан қаласын, әртараптандырылған экономиканы, инфрақұрылымды және Қазақстанның тұрақты дамуының институционалды негізін салғанын атап өтті.
Елді саяси жаңару мен әлеуметтік-экономикалық реформалар жолымен сенімді басқаратын Қазақстандағы билік мирасқорлық дәстүрлерінің маңыздылығы атап өтілді. Ұлттық бірлік пен келісім, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберіндегі халық пен билік арасындағы диалогты қолдау жаһандық сипаттағы заманауи қауіптерді еңсерудің кепілі болып табылатыны атап өтілді.
Балкан сарапшылары Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін жоғары бағалап, Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мемлекетінің құрылуындағы айрықша рөлін, қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешуге қосқан үлкен жеке үлесін атап өтті. Көрнекті қоғам қайраткерлері Елбасының 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаулар мен жылы лебіздерін білдірді. Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевқа Хорватия Президенті Зоран Милановичтің, Черногория Парламентінің Президенті Иван Брайовичтің, Хорватияның экс-президенті Степан Месичтің, бірқатар Хорватия, Босния және Черногория қоғамдық ұйымдарының және Достық қоғамдарының басшылығынан құттықтаулар келіп түскен.
Соңында бейнеконференцияға қатысушылар Елшіліктің құрметті қонақтары кітабына жылы лебіздерін білдірді және Нұрсұлтан Назарбаевтың хорват тілінде жарық көрген «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын сыйлыққа алды. Нұр-Сұлтан астанасы күніне орай ҚР Загребтағы Елшілігінде дипломатиялық қабылдау мен «Нұр-Сұлтан қаласы - Қазақстанның тәуелсіздігінің нышаны» атты фотокөрме өтті.
Хорватия, БмГ және Черногориядағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі