Қазақстан Елшісі "Хорватия-Қазақстан" Достық қоғамының мүшелерімен кездесті

Қазақстан Елшісі "Хорватия-Қазақстан"  Достық қоғамының мүшелерімен кездесті

Загреб, 2024 жылғы 13 наурыз - Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі Ақылбек Камалдиновтың қатысуымен "Хорватия-Қазақстан" Достық қоғамының отырысы өтті.

Кездесуді ашқан Достық қоғамының төрағасы Андрия Карафилипович Қазақстан мен Хорватия халықтарының татулық, өзара құрмет пен сенім дәстүрлерін байланыстыратынын атап өтті. Соңғы жылдар ішінде мәдени, гуманитарлық және іскерлік ынтымақтастықтың оң тәжірибесі жинақталды. Достық кештері, кино премьералары, фотокөрмелер, Қазақстан туралы хорват тіліндегі кітаптардың тұсаукесерлері және т.б. маңызды бірлескен акциялар өткізілді. Қоғамның қызметі алдағы уақытта достық пен ынтымақтастық байланыстарын нығайтуға бағытталатынына сендірді.

ҚР Елшісі А. Камалдинов достық қоғамының мүшелерін Қазақстандағы соңғы оқиғалармен таныстырып, жаңа экономикалық бағыт және мемлекеттің одан әрі саяси трансформациясы шеңберінде үкіметтің назарында тұрған аса басым міндеттерді қозғады. Еліміздің халықаралық бастамалары, оның ішінде алты негізгі халықаралық ұйымдарға ағымдағы төрағалық ету және Астана халықаралық форумын өткізу жеке атап өтілді. "Хорватия-Қазақстан" Достығы қоғамының халықтық дипломатияның тиімді құралы және мәдени байланыстардың маңызды арнасы ретіндегі айрықша рөліне назар аударылды.

Достық қоғамының мүшесі, Хорватия Парламентінің вице-спикері Давор Видович Қазақстан экономикасын дамытудың соңғы ішкі саяси реформалары мен жаңа тәсілдеріне жоғары баға берді. Өз сөзінде ол мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау шараларының маңыздылығын ерекше атап өтіп, 2023 жылғы ауқымды сайлау циклінің нәтижелеріне қатысты пікірімен бөлісті.

Жалпы, отырысқа қатысушылар қазақстандық ішкі және сыртқы саясат, экономика, әлеуметтік өмір, құқықтық тәртіпті ынталандыру салаларындағы толықтығына ерекше көңіл аударып, негізгі салаларда мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімділігін атап өтті.

Отырыс шеңберінде Хорватия мен Қазақстан арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған қоғамдық, мәдени және гуманитарлық шараларды ұйымдастыру мәселелері де талқыланды.