
Ү.ж. 12 маусымда Хорватия астанасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірінші жылдық қызметінің қорытындылары туралы дөңгелек үстел өтті. Пікірталасқа Хорватия Республикасының экс-Президенті Степан Месич, бұрынғы сыртқы істер министрі Будимир Лончар, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Даворко Видович, Ресей мен Әзірбайжанның елшілері Анвар Азимов пен Фахраддин Гурбанов, Достық қоғамының төрағасы Андрия Карафилипович, Босниялық мәдени қоғамының жетекшісі Ферид Диздаревич, Хорватияның II-ші Президенті кеңсесінің басшысы Мирьяна Павокович және басқа да қоғам қайраткерлері.
Президент Қ.Тоқаевтың алғашқы жылын қорытындылай келе, Хорватиядағы ҚР елшісі Төлежан Барлыбаев бұл кезең геосаяси күйзелістер, жаһандық экономикалық дағдарыс, коронавирустық пандемия және басқа да жаһандық сын-қатерлер жағдайында Қазақстан Республикасы басшылығы үшін күрделі сынақтардың кезеңіне айналғаны атап өтілді. Дипломат Қазақстан қиыншылықтарды сәтті жеңіп, саяси жаңару, экономикалық және әлеуметтік реформалар жолымен сенімді түрде жүріп, белсенді сыртқы саясат жүргізіп жатқандығын қорытындылады.
Атақты хорват саясаткері, 2000-2010 жылдары Хорватия Президенті Степан Месич Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік кезеңдегі қызметіне жоғары баға беріп, Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негіздеген қазіргі Қазақстанның стратегиялық даму бағытының сабақтастығын атап өтті. ҚР басшылығының ішкі реформаларды жүргізудегі жүйелі көзқарасы атап өтілді, оның маңызды қадамдары «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру, Қоғамдық сенім ұлттық кеңесін құру, бейбіт жиналыстар, сайлау және саяси партиялар туралы заңдардың қабылдануы болды. С.Месич сонымен қатар, өткен жылы Қазақстан мемлекеттілікті және әлеуметтік дамуды нығайтуда маңызды қадам жасады деп мәлімдеді.
Бұрынғы сыртқы істер министрі, «Либертас» Халықаралық университетінің кеңесшісі Будимир Лончар Президент Қ.Тоқаев тәжірибелі және жоғары кәсіби дипломат бола тұрып, сындарлы қоғамдық диалог, билік пен қоғамның өзара түсіністігін нығайту арқылы Қазақстанның ішкі саяси дамуының тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етіп өзін көрнекті мемлекет басшысы ретінде көрсеткенін атап өтті. ҚР басшылығының дағдарыстық жағдайларды және табиғи апаттарды оқшалау, COVID-19 коронавирус пандемиясымен күресу және оның қазақстандық экономика үшін зардаптарын еңсеру жөніндегі сенімді және табанды әрекеттері атап өтілді.
Ресей дипломатиясының ардагері, Хорватиядағы РФ елшісі А.Азимов пен Әзірбайжан елшісі Ф.Гурбанов Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салған достық пен бауырластықтың бұрынғы дәстүрлерін атап өтіп, Президент Қ.Тоқаевтың ТМД кеңістігінде мемлекетаралық қатынастарды нығайтуға қосқан үлкен жеке үлесін атап өтті.
«Хорватия-Қазақстан» достық қоғамының және Босниялық мәдени қоғамының басшылары А.Карафилипович пен Ф.Диздаревич Президент Қ.Тоқаевтың әлеуметтік бағдарланған саясатын, оның білім беру мен денсаулық сақтауды қолдау, адами капиталды дамыту жөніндегі бастамаларын атап өтті. Хорватиялық қоғам қайраткерлері ҚР басшылығының әлемнің әртүрлі бөліктеріндегі этно-діни қақтығыстардың өсуі аясында этносаралық келісімді қолдау жөніндегі кешенді шараларын жоғары бағалады. Этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделін құрудағы Қазақстанның тәжірибесі көптеген елдерге үлгі бола алатындығы баса айтылды. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша оның қатысушылары Қазақстан халқына гүлдену мен өркендеу тіледі.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар барлық қазақстандықтарға өркендеу мен амандық тіледі.
Хорватиядағы ҚР Елшілігінің Баспасөз кызметі