
2024 ж. 29 ақпан, Загреб қ. - ҚР Елшісі Ақылбек Камалдинов Хорватия Парламентіде, Сабордың вице-спикері Даворко Видовичпен, Сабордың депутаты – Еуропалық істер жөніндегі комитеттің төрағасы және ҚР-мен парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшесі Домагой Хайдуковичпен және Еуропалық істер жөніндегі комитеттің хатшысы Елена Шпилякпен кездесу өткізді.
Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде бірқатар бірлескен іс-шаралар мен сапарларды, Қазақстан мен Хорватияның экономикалық және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылын, сондай-ақ екі ел парламенттерінің достық және ынтымақтастық топтарының қызметін жандандыру жөніндегі қадамдарды талқылады.
А.Камалдинов Хорватия Парламентінің мүшелерін экономиканы ырықтандыру жөніндегі кешенді реформалармен, адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстармен, сондай-ақ өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу жөніндегі қазақстандық тәсілдермен таныстырды. Мемлекет басшысының экономиканы цифрландыру, инвестициялар тарту, АӨК дамыту және ҚР көлік-логистикалық әлеуетті нығайту саласындағы ҚР Үкіметінің жаңа құрамы алдына қойған міндеттері атап өтілді. Еуропалық Парламентте Хорватия депутаттарымен байланыс орнатуға мүдделілік ерекше белгіленді.
Сұхбаттасушылар ҚР мен Хорватияның жалпыеуропалық тректегі өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударды. Қазақстан Елшісі ЕО-мен Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді оңайлату жөніндегі келіссөздердің барысы туралы хабардар етіп, 29 саланы қамтитын Еуропалық одақпен Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді іске асыруда Хорватиямен белсенді ынтымақтастыққа үміт білдірді.
Өз кезегінде, Хорватия Саборының Еуропалық істер комитетінің төрағасы Д.Хайдукович Қазақстанда соңғы уақытта жүргізіліп жатқан оң өзгерістерді құптап, Хорват тарапының Қазақстанның бастамаларын еуропалық деңгейде қолдауға дайын екендігін растады. Парламент вице-спикері Д.Видович Қазақстанның Еуроодақпен және Хорватиямен көпжоспарлы ынтымақтастығы қарқынды дамып, тереңдей түсетініне сенім білдірді.
Екі ел парламенттерінің, ведомствоаралық және өңіраралық ынтымақтастықты, сондай ақ іскерлік, мәдени және білім беру байланыстарын жандандыруға жәрдемдесу туралы қағидатты уағдаластықтарға қол жеткізілді.