2023 жылғы Қазақстан-Хорватия ынтымақтастығының қорытындылары мен 2024 жылғы жоспарлары Загребте талқылады

2023 жылғы Қазақстан-Хорватия ынтымақтастығының қорытындылары мен 2024 жылғы жоспарлары Загребте талқылады

Загреб қаласы, 13 желтоқсан – Қазақстан Елшілігі Сабор депутаттарымен - "Хорватия-Қазақстан" парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшелерімен дөңгелек үстел форматында дәстүрлі кездесу өткізді.  Іс-шараға қатысушылар Қазақстандағы ағымдағы саяси процестерді және Қазақстан-Хорват ынтымақтастығының перспективаларын талқылады.

Елші Ақылбек Камалдинов Сабор депутаттарын 2023 жылы түрлі бағыттар бойынша мемлекеттік саясаттың нәтижелерімен егжей-тегжейлі таныстырып, билік өкілеттіктерін қайта бөлуге, ҚР сайлау жүйесін жетілдіруге, тиімді жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға, құқық қорғау процестерін күшейтуге бағытталған бірқатар маңызды реформалардың іске асырылуын атап өтті. Конституциялық соттың құрылуы және Қазақстан басшылығының саяси жаңғыру мен жаңа экономикалық саясат аясында адам құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы басқа да бастамалары атап өтілді. Сондай-ақ елдің түрлі халықаралық ұйымдарға, қоса алғанда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мен Түркі Мемлекеттері Ұйымын төрағалық етуі контексінде Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөліне назар аударды. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық әріптестіктің маңыздылығы, сондай-ақ ҚР мен ЕО және оның мүше мемлекеттері арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде екіжақты өзара іс-қимылдың кең мүмкіндіктері атап өтілді.

Хорватия Саборының депутаттары Қазақстанның сайлау жүйесіне жаңа енгізілімдерге, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша қабылданып жатқан шараларға және Қазақстанның өзекті халықаралық проблемалар бойынша ұстанымына ерекше қызығушылық танытты. Әлемдік экономиканың геосаяси шиеленісі мен турбуленттілігі жағдайында Қазақстан белсенді және теңгерімді сыртқы саясатты жүргізе отырып, елді жаңғыртудың қарқынын бәсеңдетпейтіні ескертілді.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел аясында алдағы жылдың күн тәртібі және Қазақстан мен Хорватия арасындағы экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайту перспективалары талқыланды. Іскерлік кеңес құрудың және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның бірінші отырысын сапалы дайындаудың маңыздылығы атап өтілді. Екі ел парламенттерінің, ведомствоаралық және өңіраралық ынтымақтастықты, сондай ақ іскерлік, мәдени және білім беру байланыстарын жандандыруға жәрдемдесу туралы қағидатты уағдаластықтарға қол жеткізілді.