Қазақстан Елшісі А.Камалдиновтың Кварнер аумағына жұмыс сапары туралы

Қазақстан Елшісі А.Камалдиновтың Кварнер аумағына жұмыс сапары туралы

Риека, 2023 жылғы 13-14 қараша – іскерлік және мәдени байланыстарды тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасының Хорватиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ақылбек Камалдинов Кварнер аумағына жұмыс сапарды жасады.

Сапар барысында қазақстандық дипломат Риека қаласының мэрі Марко Филиповичпен, өңірдің сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Барбара Оленик Станчичпен, Опатия қаласының мэрі Фернандо Киригинмен кездесулер мен келіссөздер өткізді. Кварнер аймақты мен Қазақстанның кейбір облыстары арасында экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды белсендіру жөнінде пікір алмасты. Атап айтқанда, екіжақты сауда мен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері, Риека мен Ақтау қалалары арасында бауырлас байланыстар орнату перспективалары, сондай-ақ Риекада Қазақстан Республикасының құрметті консулдығын ашу жоспарлары талқыланды.

Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін, шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларын, бизнес ынтымақтастық үшін перспективалы бағыттарды, сондай-ақ тұтастай алғанда ҚР дамуының экономикалық моделін таныстыру үшін өңірдің жетекші компаниялары мен кәсіпорындарының қатысуымен бизнес-форум өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Аймақ бойынша сапар аясында қазақстандық Елші Хорватияның ірі портының инфрақұрылымдық нысандарымен және өндірістік процестерімен танысып, Риека портының әкімшілігімен келіссөздер жүргізді. Ақтау теңіз порты мен Құрық портын ірі көліктік-логистикалық кластерге дамыту стратегиясын ескере отырып, Хорватия тарапының порт инфрақұрылымын дамыту, стратегиялық жоспарлау, концессионер компаниялардың терминалдарды басқару саласында тәжірибесін зерделеуге қызығушылық білдірілді.

Анықтама: Риека порты TEN-T Трансеуропалық Көлік желісінің бөлігі болып табылады және ЕО көлік және теміржол дәліздеріне, сондай-ақ жалпы навигациялық жүйелерге шығұға мүмкіндігі бар. Жерорта теңізі дәлізінде ол негізгі "өзек" порты мәртебесіне ие болды. Қазіргі уақытта оны Балтық-Адриатикалық дәлізге қосу жұмыстары жүргізілуде. Автомобиль жолдары мен теміржолдардан басқа, Хорватия, Венгрия, Австрия, Босния және Герцеговина, Сербия, Чехия және Словакиядағы мұнай өңдеу зауыттарын байланыстыратын мұнай құбырлары жүйелері де үлкен маңызға ие.

Сонымен қатар, Риека қаласында Елші А.Камалдинов Қазақстан нарығында көптеген жылдар бойы табысты жұмыс істеп келетін "Ядран-Галенский лабараторий" (JGL) ірі халықаралық фармацевтикалық компаниясының штаб-пәтеріне барып қайтты. JGL Pharma Valley өндірістік кешені қазіргі уақытта Еуропалық Одақтағы жетекші орындардың бірі болып табылады. JGL компаниясының басқарма кеңесінің төрағасы Иво Усмианимен кездесуде фармацевтика және денсаулық сақтау саласындағы Қазақстанмен бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.