Хорватияның экономикалық палатасы Қазақстанмен іскерлік байланыстарды нығайтуға жәрдемдесуге дайын

Хорватияның экономикалық палатасы Қазақстанмен іскерлік байланыстарды нығайтуға жәрдемдесуге дайын

Загреб, 2023 ж. 24 қазан - ҚР Хорватиядағы Елшісі Ақылбек Камалдинов Хорватия экономикалық палатасының басшысы Лука Бариловичпен екі елдің бизнес-қоғамдастығының байланыстарын дамыту және Хорватия экономикалық палатасының осы процеске қатысуы мәселелерін талқылау мақсатымен кездесу өткізді.

Қазақстандық Елші атап өткендей, бүгінгі таңда Қазақстан-Хорватия қатынастарын дамытудың негізгі міндеті – екіжақты әріптестікті әртараптандыру және сауда айналымын ұлғайту. Елдің барлық аймақтарында өкілдіктері бар Хорватияның экономикалық палатасының жүйесі кәсіпкерлер пайдалана алатын кең мүмкіндіктерге ие.

Осыған байланысты құрылып жатқан «Қазақстан-Хорватия» Іскерлік кеңесі шеңберінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру үшін айтарлықтай перспективалар мен мүмкіндіктер бар. Оның негізгі мақсаты - екі елдің бизнесі арасындағы қатынастарды дамыту мен нығайту және бар экономикалық мүмкіндіктер туралы хабардар ету. Қазіргі уақытта тараптар басым секторлар бойынша Жұмыс топтарын құра отырып, осы бастаманы іс жүзінде іске асыруға кірісуде.

Кездесу барысында А.Камалдинов шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған ҚР Үкіметінің жүргізіп жатқан жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып, ҚР-дағы инвестициялық ахуал туралы ақпаратпен таныстырды. Сондай-ақ, экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорватия Үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Л.Бурилович, елімізді Республика Күнімен құттықтап, мемлекеттің соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының жоғары қарқынын және шет елдермен сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтудегі ҚР белсенділігін атап өтті.

Хорватия Экономикалық палатасының басшылығы Хорватия мен Қазақстан бизнес өкілдері арасындағы өзара тиімді және ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға дайын екендігін білдірді.