
20-23 қазанда Хорватия және Босния мен Герцеговинада Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеуге арналған бірқатар мәдени және дипломатиялық іс-шаралар өткізілді.
20 қазанда Сараево қаласында Босния мен Герцеговинадағы ҚР Құрметті консулдығының қатысуымен Қазақстан Елшілігі ұйымдастырған әйгілі Turan этно-фольклорлық ансамблінің мерекелік концерті өтті. Іс-шараға қоғамдық-саяси және іскер топтардың, ғылым мен мәдениеттің көрнекті қайраткерлері, Босния мен Герцеговина СІМ өкілдері, сондай-ақ осы елде аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.
Топтың тән қайталанбас жанрдағы халық және авторлық шығармалардың виртуозды үні, залдағы ешкімді бей-жай қалдырмай Босния жұртшылығының шынайы таңданысын тудырды.
Сонымен қатар, жергілікті билік өкілдердің қатысуымен қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың "Ескі Сараево қаласы" тарихи ауданында орнатылған бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.
23 қазанда Хорватия астанасы Загреб қаласында Қазақстан Елшілігі Республика Күнін мерекелік іс-шаралар шеңберінде, дипломатиялық қабылдау мен мәдени бағдарламаны ұйымдастырып, фотокөрме, елдің туристік әлеуеті туралы бейнероликтер көрсетіп, қонақтарды TURAN ансамблінің музыкалық қойылымы аясында ежелгі қазақ аспаптарымен таныстырды.
Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі Ақылбек Камалдинов еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы жетістіктеріне назар аудара отырып, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Республика күнінің маңыздылығын атап өтті. Тәуелсіз Қазақстанның дамуының негізгі қорытындылары бейбітшілік, тұрақтылық, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын тұрақты арттыру, сондай-ақ елдің халықаралық беделінің өсуі және оның жаһандық саясаттағы рөлі болып табылатыны атап өтілді.
Қазақстанды ұлттық мерекемен құттықтап, Хорватия Парламентінің вице-спикері Давор Видович еліміздің сындарлы сыртқы саяси бағытқа бейілділігін атап өтіп, ауқымды өзгерістер жүргізуде одан әрі табыстар тіледі.
Іс-шараға Қазақстан азаматтары, Хорватия үкіметінің мүшелері, Парламент депутаттары, бизнес өкілдері, Хорватияның ғылым, білім және мәдениет қайраткерлері, дипломаттар мен журналистер қатысты. Елшіліктің қонақтары қобыз, сыбызғы, жетіген, шертер, домбыра және басқа да қазақтың көне аспаптарының сиқ ырлы үніне тәнті болды.
Сараево мен Загребтегі қазақ мәдениетінің мерекесі тыңдаушылардың жүрегін жаулап алып, музыка мен өнер тілі аударманы қажет етпейтінін және халықтар арасындағы достықты, сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететінін тағы да дәлелдеді.