Загребте Қазақстанның Елшісі Ақылбек Камалдинов пен Хорватияның ауыл шаруашылығы министрі Мария Вучкович агросектордағы ынтымақтастықты дамытудың әлеуеті мен мүмкіндіктерін талқылады.
11 қазанда өткен кездесу барысында қазақстандық дипломат АӨК саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру үшін үлкен мүмкіндіктерді атап өтті. Қазақстан дәстүрлі түрде дәнді дақылдар мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің экспорты бойынша жетекші орынға ие екенін атап өтілді. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешенінің басым міндеттерінің бірі ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу, сапалы және қолжетімді азық-түлік өнімдерін өндіру саласындағы екі елдің өзара іс-қимылын жандандыру басым міндет ретінде аталды. Тиісті бірлескен кәсіпорындар ашу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Сондай-ақ, А.Камалдинов агросекторға инвестициялау үшін кең мүмкіндіктер бар екенін айтты. Бизнес ірі жобаларды іске асыру үшін Қазақстан Үкіметімен инвестициялар туралы тікелей келісім жасасу мүмкіндігіне ие болады. Осы Келісім шеңберінде стратегиялық инвесторлар салық преференцияларын ала алатындығы атап өтілді.
Кездесу барысында Министр М.Вучкович Хорватия тарапының 2021 жылы қол қойылған Ауыл шаруашылығы саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумды іс жүзінде іске асыруға дайындығын атап өтіп, Қазақстанмен ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимылдың оң динамикасын атап өтті.
Тараптар Үкіметаралық комиссияның I-ші отырысына дайындық барысын, сондай-ақ екі елдің бизнес-қоғамдастықтары арасындағы байланыстарды нығайту және дамыту үшін Іскерлік кеңесті құру жөніндегі Қазақстан тарапының бастамасын талқылады.
ҮАК және Іскерлік кеңес шеңберінде Ауыл шаруашылығы бойынша жеке Жұмыс тобын құру және оның бірінші отырысын онлайн форматта өткізу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Ауыл шаруашылығы саласындағы Жұмыс тобы мемлекеттік органдарды, кәсіпкерлер мен инвесторларды ауыл шаруашылығы саласында біріктіре алады.