
Ү. ж. 12 мамырда ҚР-ның Хорватиядағы Елшісі Төлежан Барлыбаев Шибенск-Книн жупаниясының астанасы Шибеник қаласына барып, қала мэрі Желько Буричпен кездесті.
Әңгіме барысында Ж.Бурич хорват аймағының экономикалық әлеуетінің презентациясын ұсынып, Қазақстанмен іскерлік және туристік байланыстарды дамытуға мүдделілігін атап өтті. Өз кезегінде, дипломат мэрге екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективалары туралы ақпарат беріп, өңіраралық байланыстардың зор әлеуетін атап өтті. Ү.ж. қыркүйекте жоспарланған экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Хорват ҮАК отырысына ұсыныстар дайындау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.