Хорватияның сарапшы және іскер топтары Президент Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен танысты

Хорватияның сарапшы және іскер топтары Президент Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен танысты

20 қыркүйекте Загребте Президент Қ.К.Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті, оған көрнекті қоғам қайраткерлері мен іскер топтар, Қазақстан-Хорват достығы қоғамының, Қазақстанның бейресми достар Клубының мүшелері, сондай-ақ ҚР-мен ынтымақтастыққа мүдделі хорват компаниялары басшылығы қатысты.

ҚР Елшісі Ақылбек Камалдинов Жолдаудың әлеуметтік-экономикалық даму және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, саяси және қоғамдық жаңғырту салаларындағы негізгі міндеттері туралы айтып берді. ҚР экономикасын индустрияландыру және әртараптандыру, шағын және орта бизнесті, АӨК, өндірістік, көлік инфрақұрылымы мен туризмді дамыту жөніндегі мәлімделген жоспарлар аясында Хорватиямен өзара тиімді ынтымақтастықтың кең мүмкіндіктері атап өтілді. Қазақстандық дипломат Хорватияның сарапшылар мен іскер топтарын өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру үшін ашылатын мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ҮАК-тың жоспарланған отырысы және іскерлік сапарлар сауданың одан әрі өсуіне және Қазақстан мен Хорватияның жақындасуына ықпал ететіні атап өтілді.

Хорватиялық әріптестер ҚР басшылығының экономикалық реформаларды іске асыру саласындағы, әсіресе мемлекет пен бизнес арасындағы қатынастардың жаңа моделін құру жөніндегі кешенді тәсілін жоғары бағалады. ХР Сыртқы істер экс-министрі Будимир Лончар Президент Қ.Тоқаев ұсынған Қазақстанның экономикалық өзгерістері мен саяси реформаларын іске асыру жаһандық геосаяси сілкіністер мен сыртқы сын-тегеуріндерге барабар жауап болып табылатынын атап өтті.

"Қазақстан-Хорватия" достық қоғамының төрағасы Андрия Карафилипович пен хорватиялық кәсіпкер П.Швельо Қазақстан Президентінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бастамаларын және оларды іске асыру жөніндегі прагматикалық қадамдарды құптады. Хорват сарапшылары Қазақстан билігінің шетелдік инвесторлардың мүдделерін қорғау жөніндегі шараларына жеке тоқталды, бұл шетелдік әріптестер тарапынан сенімді нығайтуға және инвестициялық тартымдылықты күшейтуге мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар қазіргі халықаралық жағдайдың сын-қатерлері мен проблемаларын талқылады. Сарапшыларға Президент Қ.Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөйлеген сөзінің негізгі тезистері жеткізілді.