Хорватияның туризм және спорт министрлігі Қазақстанмен байланысты жандандыруға дайындығын білдірді

Хорватияның туризм және спорт министрлігі Қазақстанмен байланысты жандандыруға дайындығын білдірді

18 қыркүйекте Хорватиядағы ҚР Елшісі Ақылбек Камалдинов Хорватияның туризм және спорт министрі Николина Брняцпен кездесті. Кездесу барысында Министр Н.Брняц Хорватия тарапының өткен жылдың желтоқсан айында қол қойылған туризм саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумды іс жүзінде іске асыруға дайындығын атап өтіп, Қазақстанмен туризм саласындағы өзара іс-қимылдың оң динамикасын атап өтті.

 

"Қазақстан-әлемдегі тоғызыншы ірі ел, орасан зор туристік әлеуетке ие болып, Хорватиямен ынтымақтастықты жандандыру үшін көптеген мүмкіндіктер ұсынады", - деп атап өтті Н.Брняц.

 

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту және кірмелік туризмін ілгерілету мақсатында туристік компаниялар арасындағы тікелей байланыс тетіктерін іске қосу,  сондай-ақ осы секторда тәжірибе және ноу-хау алмасу маңызды екендігімен келісті.

 

Қазақстан Елшісі кездесуге қатысушыларды Президент Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен таныстырып, ҚР тұрақты дамуына бағытталған реформаларды жүргізудің жүйелі тәсілін атап өтті. Келіссөздер барысында А.Камалдинов Хорватиямен визалық режимді жеңілдету және екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашудың орындылығы мәселелеріне ерекше назар аударды.

 

Кездесу аясында "Kazakh Tourism "ҰК" АҚ қызметі таныстырылып, туризм саласындағы инвестициялық әлеует атап өтілді. Екі елдің мүдделі турбизнесінің қатысуымен вебинар өткізу және паритеттік негізде танысу-ақпараттық және баспасөз турларын ұйымдастыру ұсынылды.