
Ү.ж. 9 мамырда Батина хорват ауылында 1944 жылы Батин шайқасында қаза тапқан кеңес жауынгерлерінің Мемориалына Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан елшіліктерінің, ардагерлер, қоғам мен Хорватияның антифашистік ұйымдары өкілдерінің қатысуымен гүлдестерді қою рәсімі өтті.
Салтанатты рәсімге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Елшісі Төлежан Барлыбаев қазақстандықтардың Еуропа мен бейбітшілікті фашизмнен азат етуге қосқан үлесін атап өтті. Қазақстандық дипломат бұрынғы Югославия аумағында Екінші дүниежүзілік соғыстың ең ірі шайқасы - Батин шайқасы барысында өз өмірін қиған кеңес солдаттары мен офицерлерін еске алды.
Батин ауылындағы Мемориалдық кешен 1947 жылы екі мыңнан астам қаза тапқан жауынгерлердің сүйектері көмілген бауырлас зираттың орнында салынған. Олардың арасында - Қарағанды облысының тумасы, Батин шайқасы барысында 315-ші атқыштар дивизиясының 22-ші атқыштар ротасын басқарған Хамит Садуов.
1944 жылғы 19 қарашада Х.Садуовтың ротасы кескілескен ұрыста фашистердің шабуылдарын ерлікпен тойтарып, 230 жау солдаттары мен офицерлерін жойыды. Дунайдың оң жақ жағалауында плацдармды ұстап қалу үшін, ерлік пен батыл үшін соғыста құрбан болған Хамит Садуов Кеңес Одағының Батыры атағына қайтыс болғаннан кейін ие болды. Қаза тапқан батырдың туыстарының өтініші бойынша қазақстандық дипломаттар оның атымен бауырлас зиратына гүлдесте қойды.
Хорватиядағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі