Қазақстан Елшісі А.Камалдиновтың Истриялық жупанияға жұмыс сапары туралы

Қазақстан Елшісі А.Камалдиновтың Истриялық жупанияға жұмыс сапары туралы

Ағымдағы жылдың 12-14 қыркүйегінде іскерлік және мәдени байланыстарды тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасының Хорватиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ақылбек Камалдинов Истрия аумағына жұмыс сапарды жасады.

Сапар барысында қазақстандық дипломат аймақ басшысы Борис Милетичпен және Истрия жупания сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Ясна Маетичпен кездесулер мен келіссөздер өткізді. Тараптар түрлі салалардағы Қазақстан-Хорват ынтымақтастығының мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылады. Хорват тарапына Президент Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған елдің экономикалық бағытының негізгі ережелері, оның ішінде мемлекет пен бизнес арасындағы қатынастардың жаңа моделін құру жөнінде ақпарат жеткізілді.

Таяу уақытта Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін, шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларын, бизнес ынтымақтастық үшін

перспективалы бағыттарды, сондай-ақ тұтастай алғанда ҚР дамуының экономикалық моделін таныстыру үшін өңірдің жетекші компаниялары мен кәсіпорындарының қатысуымен бизнес-форум өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында келесі басым салалар айқындалды - туризм, ауыл шаруашылығы саласы, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп.

Өңір бойынша сапар аясында қазақстандық Елші Пореч және Ровинь қалаларында «Plavna Laguna», «Maistra» туристік компаниялардын және «Novatec» компаниянын басшылығымен кездесіп, Истриялық жупанияның басқа да бірқатар кәсіпорындарының жумысымен танысты.