
Загреб қаласында Қазақстан Елшісі Ақылбек Камалдинов Хорватияның Экономика және тұрақты даму министрі - Қазақстан-Хорватия Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның хорват бөлігінің тең төрағасы Давор Филиповичпен кездесу өткізді.
Тараптар Үкіметаралық комиссияның I-ші отырысына дайындық барысын, сондай-ақ екі елдің бизнес-қоғамдастықтары арасындағы байланыстарды нығайту және дамыту үшін Іскерлік кеңесті құру жөніндегі Қазақстан тарапының бастамасын талқылады.
Келіссөздер барысында А.Камалдинов Д.Филипповичті ҚР экономикасының дамуы туралы хабардар етіп, әлемдік рейтингтік агенттіктердің жоғары бағаларын алған ЖІӨ мен инвестициялық белсенділіктің тұрақты өсу серпінін атап өтті.
Қазақстадық дипломат Министрге Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының мәтінін хорват тілінде тапсырды. Президент Қ.К.Тоқаевтың Жолдауын, сондай-ақ ҚР инфрақұрылымдық және инновациялық даму бағдарламаларын іске асыру аясында іскерлік ынтымақтастықтың кең мүмкіндіктері атап өтілді. Елші шетелдік компанияларды мемлекет жағынан қолдау шаралары туралы хабардар етіп, Хорватиямен өзара іс-қимыл спектрін кеңейтудің маңыздылығына аса назар аударып, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және туристік салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту перспективаларын атап өтті.
Тараптар екі ел халықтарының игілігі үшін Қазақстан-Хорват байланыстарын одан әрі арттыруға өзара сенім білдірді. ҮАК мен Іскерлік кеңестің I-ші отырысын дайындауды дереу бастау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
ҚР Хорватиядағы Елшілігінің баспасөз қызметі