
Ү.ж. 30 тамызда ҚР Елшісі Ақылбек Камалдиновтің Хорватия Премьер-Министрі Андрей Пленковичпен кездесуі өтті. Тараптар Қазақстан-Хорват екіжақты ынтымақтастығы мәселелерінің кең ауқымын және оның сауда-экономикалық, энергетикалық, көлік-логистикалық, туристік және ауыл шаруашылығы салаларындағы перспективаларын талқылады.
Премьер-министр А.Пленкович Загребтің Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілігін атап өтіп, екі ел арасындағы байланыстарының жай-күйіне қанағаттанушылығын білдірді.
Ортақ пікір бойынша, Үкіметаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның бірінші отырысын өткізу мемлекет арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге септігін тигізеді. Басқа да негізгі мақсаттардың қатарында - екі елдің бизнес топтары арасындағы байланысты нығайту және дамыту үшін Іскерлік кеңес құру болып белгіленді.
Елші ХР Үкіметінің басшысын ҚР Президент Қ.Тоқаевтың бастамасымен жүргізілген конституциялық реформаның нәтижелері туралы хабардар етті. Ата заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мемлекетті басқару моделін жанғыртуға негіз қалады. Қазақстан Үкіметінің әлеуметтік-экономикалық даму және инвестициялық саясат аясындағы өзекті міндеттері атап өтілді.
Кездесу соңында Хорватия Премьер-Министрі Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтап, ҚР басшылығына мемлекетті, экономиканы және қоғамды жан-жақты жаңғыртудың ауқымды күн тәртібін одан әрі жүзеге асыруда табыстар тіледі.
Кездесуге Хорватияның Қазақстандағы Елшісі Рефик Шабанович қатысты.