
Құрметті отандастар!
Төменде көрсетілген санаттардағы ҚР азаматтарының ұлттық паспорттарының қолданыс мерзімі аяқталған жағдайда оларды жаңа паспорт алғанға дейін жарамды деп тану туралы хабарлаймыз:
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын;
2) шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын;
3) еңбек шарты бойынша шет мемлекеттерде жұмыс істейтін;
4) аталған адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелері;
5)шетелде дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстары;
6) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдардың (қарттар) және тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар адамдардың.