
10 тамызда Қазақстанда Абай күні аталып өтіледі - ұлы ойшыл, ақын және қазақ мәдениетінің негізін қалаушының туғанына 178 жыл (1845 ж. 10 тамыз).
Абай Құнанбайұлы – қазақ ақыны, сазгер, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы және оның тұңғыш классигі, ағартушы исламға негізделген Еуропа мәдениетімен жақындасу рухындағы мәдени реформатор.
Абай шығармалары әлемнің 116 тіліне аударылды, оның ішінде Қазақстанның Құрметті консулы Әмель Диздарұлының және «Бүркіт» іскерлік ынтымақтастық қауымдастығының көмегімен тұңғыш рет хорват тіліне аударылып, жарық көрді.
Сараево қаласының тарихи ауданында атақты босниялық мүсінші, Босния Жоғары қолданбалы өнер мектебінің профессоры, халықаралық сыйлықтардың лауреаты Стиепо Гаврич жасаған қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың бюсті орнатылды. Ескерткіш Меляцка өзенінің жағасында орналасқан, сәулет өнерінің жауһарлары – 1891 жылғы мэрия, 16 ғасырдағы Хаджий мешіті, Ұлттық кітапхана және басқа да көрікті жерлермен қоршалған.