
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстанда түбегейлі өзгерістер орын алғанын атап өтті. Ауқымды қайта құрулар барысында Қазақстан халқы Ассамблеясына ерекше көңіл бөлінді. Бұл бірегей институт парламенттік өкілдіктің жаңа құралдарына ие болды. Елбасы Ассамблеяның еліміздің саяси жаңғыруында, ұлттық бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқарғанына тоқталды. Ол мемлекет дамуының стратегиялық міндеттерін шешуге барлық этностарды тартуға ықпал етті. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанның барлық азаматтары өздерін бір үлкен және біртұтас отбасының, шын мәнінде, ұлттың мүшелері ретінде сезінеді.
Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызды рөлін атап өтті, осыған байланысты этносаясат мәселелерін мұқият қарастыру қажет. «Келісім мен бірлік – табысты мемлекеттің басты кепілі, ұлтаралық саясат ерекше назар аударуды және үнемі жетілдіруді қажет етеді. «Еліміздің азаматтық бірлігін, ұлттық бірегейлігі мен этноәлеуметтік тұтастығын нығайтудың іргелі, тіпті қасиетті міндетін жүзеге асырмайынша, мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің ешқайсысы іс жүзінде орындалмайтынын есте ұстаған жөн» - деді Мемлекет басшысы.
Сессия барысында Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басым бағыттарын айқындады. Атап айтқанда, бірлік пен келісімге нұқсан келтіруге бағытталған кез келген арандатушылық әрекеттерге табанды түрде тосқауыл қойып, этноәлеуметтік шиеленісті тудыратын себептерді жою үшін пәрменді шаралар қабылдау қажеттігін көрсетті.
Президент Қ.Тоқаевтың сөйлеген сөзінің толық мәтінімен келесі сілтемеден танысуға болады: https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halky-assambleyasynyn-adiletti-kazakstan-birlik-turaktylyk-damu-atty-hhhii-sessiyasynda-soylegen-sozi-2731938