Хорватияда Қазақстанның Тәуелсіздік күні және дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы салтанатты түрде атап өтілді

Хорватияда Қазақстанның Тәуелсіздік күні және дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы салтанатты түрде атап өтілді

12 желтоқсанда Загребте Қазақстанның Тәуелсіздік күніне және Қазақстан-Хорватия дипломатиялық қатынастарының орнағанына 30 жыл толуына орай дәстүрлі салтанатты қабылдау өтті. Іс-шараға ресми тұлғалар, Хорватия қоғамының, саяси және іскер топтардың, ғылым мен мәдениеттің көрнекті қайраткерлері, шетелдік дипломаттар, халықаралық ұйымдардың, БАҚ, мәдениет және спорт өкілдері, сондай-ақ Хорватиядағы қазақстандықтар мен Қазақстанның достары қатысты.

Қазақстан Елшісі Алтай Әбибуллаев 2022 жыл Қазақстан үшін жаңа мемлекет құрылысында серпінді жыл болғанын, қоғам мен биліктің бірлігін, Әділ және Халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидаттарын нығайта түскенін атап өтті. Маусым айында өткен конституциялық референдум мен 20 қарашадағы президенттік сайлаудың тарихи маңыздылығы атап өтілді.

Қабылдауға қатысқан құрметті қонақтар - Парламент вице-спикері Даворко Видович, Конституциялық Соттың судьясы Мато Арлович, Хорватия СІЕМ-нің бас директоратының басшысы Ирена Алайбек, СІМ-нің бұрынғы басшысы Будимир Лончар және басқа да көптеген көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін жоғары бағалап, елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы басымдықтарының қазақстандықтардың болашақ ұрпақтарының игілігі үшін өзектілігін атап өтті.

Хорватиялық әріптестер Қазақстан Еуразиядағы маңызды әріптес, ал 30 жыл ішінде қол жеткізілген достық және өзара тиімді жетістіктер перспективада кеңірек ынтымақтастықтың кепілі деп санайды. 2022 жылы Қазақстан-Хорватия қатынастарын нығайтудағы ерекше еңбегі үшін салтанатты дипломатиялық қабылдауда Хорватия Парламентінің вице-спикері Даворко Видовичке қазақ ұлттық костюмі – шапан табысталды.