Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында және Қазақстан мен Хорватия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуы аясында Хорватия Ротари клубының басты қонағы ретінде Елші Алтай Әбибуллаев болды. Елші хорватиялық бизнес-капитандардың алдында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен экономикалық әлеуеті туралы презентация жасады.
Клуб президенті Эрнест Влачич пен хорват кәсіпкерлері демократиялық реформаларға, тікелей шетелдік инвестициялар үшін ашық есік саясатына, салықтық жеңілдіктерге, экспорттық және туристік әлеуетке, өнеркәсіптік саясатқа шынайы қызығушылық танытты. Сонымен қатар, оларды Қазақстан Республикасы мен ЭЫДҰ арасындағы өзара іс-қимыл үдерісі, елге шетелден капиталды қайтаруды ынталандыру тетігі және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру таң қалдырды.
Хорватияның Шенген және Еуроаймаққа алдағы кіруіне байланысты Хорватия Ротари Клубының мүшелері Елшіліктің сауда-экономикалық байланыстарды, туризм және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жан-жақты кеңейту жөніндегі идеяларын қолдады. Сондай-ақ Қазақстанмен іскерлік және инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа нысандарын құру және нығайту үшін тұрақты институционалдық форматты жоспарлардыру қажет екенің ұсынды.