Хорватия депутаттары Қазақстандағы саяси өзгерістер бағытын жоғары бағалады

Хорватия депутаттары Қазақстандағы  саяси өзгерістер бағытын жоғары бағалады

17 қарашада Загребте Хорватия Саборының депутаттары - "Хорватия-Қазақстан" парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшелерінің қатысуымен Қазақстандағы саяси өзгерістер мен екіжақты қатынастардың даму болашағы талқыланды.

Елші А.Әбибуллаев Собор депутаттарын Әділ Қазақстанның құру аясындағы ауқымды саяси өзгерістермен егжей-тегжейлі таныстырды. Президенттің билік өкілеттіктерін қайта бөлуге, ҚР сайлау жүйесін жетілдіруге, құқық қорғау процестерін күшейтуге бағытталған бірқатар маңызды конституциялық заңдарға жария қол қоюы атап өтілді. Елші сондай-ақ президенттік сайлауға дайындық барысы және ағымдағы сайлау науқандарының ерекшеліктері туралы хабардар етті.

Хорватия Соборының депутаттары Қазақстанның сайлау жүйесіне жаңа енгізілімдерге, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша қабылданып жатқан шараларға және Қазақстанның өзекті халықаралық проблемалар бойынша ұстанымына ерекше қызығушылық танытты.

Топ басшысы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік саясат істері Комитетінің мүшесі Иван Кирин Президент Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы Жолдауы аясындағы маңызды бастамаларын құптап, олардың тәжірибеде дәйекті іске асырылуын және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және елдің тұрақты дамуына тікелей әсерін атап өтті.

Хорватия Парламентінің Вице-спикері Даворко Видович Қазақстанның әртүрлі ішкі және сыртқы сын-қатерлерге барабар жауап беру қабілетін атап өтіп, қоғамның бірлігін сақтау және билік тармақтары арасында оңтайлы тепе-теңдікті қалыптастыру үшін ағымдағы жылы іске асырылған "батыл және ауқымды" саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жоғары бағалады. Оның пікірінше, Қазақстандағы адам құқықтары мен демократиялық реформалар Хорватияның жоғары бағасына лайық.

Парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшелері Домагой Хайдукович, Двор Иво Штир, Эрик Фабианич Қазақстан-Хорватия қатынастарының қарқынды дамуын қанағаттанушылықпен атап өтті. Әлемдік экономиканың геосаяси шиеленісі мен турбуленттілігі жағдайында Қазақстан белсенді және теңгерімді сыртқы саясатты жүргізе отырып, елді жаңғыртудың қарқынын бәсеңдетпейтіні ескертілді.

Кездесу қорытындысы бойынша парламентаралық диалогты сапалы жаңа деңгейге шығару, Хорватия парламентшілерінің Астанаға сапарын ұйымдастыру, екі ел парламенттерінің ведомствоаралық және өңіраралық ынтымақтастықты, сондай ақ іскерлік, мәдени және білім беру байланыстарын жандандыруға жәрдемдесу туралы қағидатты уағдаластықтарға қол жеткізілді. Хорватия депутаттары Қазақстан мен Хорватия арасындағы экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ туризм, спорт, теңіз инфрақұрылымын дамыту және екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі.