Хорватия СІЕМ-нің басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Хорватия СІЕМ-нің басшысы Қазақстан халқын  Республика күнімен құттықтады

24 қазанда Загребте Қазақстан Елшісі Алтай Әбибуллаев Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич Радманмен кездесу өткізді. Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Қазақстан Республикасы мен Хорватия Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына (20 қазан) орай құттықтау жолдауын тапсырды.

Тараптар өткен жылдар ішінде сенімгерлік әріптестіктің жоғары деңгейін атап өтіп, екіжақты және көпжақты санаттағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің нақты қадамдар белгіледі. БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі және басқа да халықаралық ұйымдар аясында және ЕО-ҚР желісі бойынша екі елдің өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Хорватия арасындағы тауар айналымының өсуде, 2021 жылы оның көлемі 680 млн доллардан асса, ал 2022 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 352 млн долларға жетті. Тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастыққа жаңа сапа беруге, саяси, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық байланыстарды жандандыруға мүдделі. Екіжақты ынтымақтастықтың осы және басқа да өзекті мәселелері, мысалы, шарттық-құқықтық базаны кеңейту, туризм, спорт, білім беру және мәдениет саласындағы бірлескен жобалар – 2023 жылға жоспарланған экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ҮАК және қалыптасып жатқан Қазақстан-Хорват бизнес-клубы отырыстарының назарында.

Қазақстандық дипломат Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрін күрделі геосаяси сын-тегеуріндер жағдайындағы Әділ Қазақстанның демократиялық қайта құрылуы мен қазіргі заманғы дамуы және алдағы президенттік сайлауы туралы, сондай-ақ Астананың негізгі сыртқы саяси бастамалары туралы хабардар етті.

Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Г. Грлич Радман барлық қазақстандықтарды алдағы ұлттық мереке - Республика күнімен құттықтады. Қазақ-хорват ынтымақтастығының әлеуетін жоғары бағалап, ол хорват тарапы 2023 жылы Қазақстан Сыртқы істер министрінің Загребке жоспарланған алғашқы ресми сапарына маңызды мән беретінін атап өтті.