Загребте 11-ші халықаралық туристік кинофестивалі «Zagreb TourFilm Festival» өтуде

Загребте 11-ші халықаралық туристік кинофестивалі «Zagreb TourFilm Festival» өтуде

Кеше Хорватияның астанасы Загреб қаласында  11-ші халықаралық туристік фильмдер фестивалі «Zagreb TourFilm Festival» басталды. Фестивальдің негізгі ұйымдастырушылары – «Balduci Film» кинокомпаниясы және Загреб қаласының туристік кеңесі. Фестиваль арқылы ұйымдастырушылар туризм саласының қызметкерлерін нақты бағыттарды алға жылжыту және мақсатты топтарға назар аудару үшін дұрыс жолмен оқытуды және ынталандыруды, сондай-ақ барлық мүдделі тараптарды соңғы трендтерді іздеуге шабыттандырғысы келеді. Фестиваль жастардың туризм әлеміне оның промоутерлері және туризм мамандары ретінде ену мүмкіндігі болып табылады.

Үміткерлердің қатарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Dars Films түсірген «Kazakhstan by Thomas and Lucy Atkinson - Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» атты Қазақстан Республикасының туристік әлеуеті туралы деректі бейнеролик бар. Бейне Португалияда өткен ART&TUR 2022 халықаралық туристік фильмдер фестивалінің жеңімпаздарының бірі атанды.

🔗 https://darsfilms.com/2022/10/01/thomas-atkinsons-journey-to-kazakhstan-in-the-19th-century/

 

Сондай-ақ, фестивальге Эрик Питерс түсірген «Гималайдың шақыруы – әлемдегі ең биік асуларға апаратын жол» деректі фильмі де қатысуда. Екі мотоциклшінің Еуропадан Гималайға Түркия, Грузия, Әзірбайжан, Орталық Азия (оның ішінде Қазақстан арқылы), Пәкістан, Қытай және т.б. арқылы саяхаты туралы фильм.

Туристік фильмдер фестиваліне қатысушыларға сәттілік тілейміз.